«Орамалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды?»: Айгүл Орынбек 16 жастағы қызды жынды деп қамауға қарсылығын білдірді
Халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер!
Заңгер Айгүл Орынбек Түркістан облысында әжетханадан өлі табылған 3 жасар бүлдіршіннің өлімі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті. Заңгер оның алдында «көршісі зорлады» деген 5 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын қайта жүргізуді талап етті.
"Оранған орамалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды? Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, “ қыз өз өлімімен өлген” деген қортынды берген еді. Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен. Сарығаштағы алдыңғы “көршісі зорлады деген бес жасар қыздың өлімін де, қайта тергеуді талап етемін",- деді заңгер.
Бұдан бөлек Айгүл Орынбек елімізде тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтінінің дәлелі деп атады.
"Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер дәлелдейді! Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз! Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк, өз қылмысын арқарай жасай береді. Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер! Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді?, деп жақсылап тергеуді талап етемін",- деді Айгүл Орынбек.