«15 күн сайын босанасыз ба?»: Баян Мақсатқызы 4-ші қызын көрсетті
Продюсер төртінші сәбиін 15 күн күткенін жазды
Белгілі продюсер, әрі актриса Баян Мақсатқызы 15 күннен кейін тағы да қызды болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Біз сені сегіз жыл және Алисадан кейін 15 күн ұзақ күттік. Біз тағы да қызды болдық. Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы», - деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары тағы да ана атанған продюсерді құттықтап, неше түрлі пікірлер жаза бастады.
«Сіз коян болдыңыз ба? Не боп кетті?», «Жаным, қош келдің», «Инкубатор ма?», «Мынаны өткенде Алиса деп енді Алма деп оқып отырған менің есім дұрыс шығар ия халқым» деп жазған оқырмандары.
Айта кетсек, Баян Мақсатқызы осыдан 15 күн бұрын үшінші рет ана атанған болатын.