Мәдениет

Түркістан маңында Нұрлан Қоянбаев саудагер келіншектен 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)

Ол бұл ісімен көпшілікті жақсылық жасап жарысуға шақырды

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев жақсылық жасап, 2 тонна қарбыз сатып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осылайша ол челлендж бастап, көпшілікті жақсылық жасап жарысуға шақырды.

«Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап, жарысайық!» - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Нұрлан Қоянбаев Түркістан қаласына жақын жердегі жол үстінде қарбыз сатып тұрған келіншектен алған.

Желі қолданушылары продюсердің бұл бастамасын оңға балап, оның челленджін жалғастыруды қолға алды.