“Тұман күтіледі”: 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін
"Қазгидромет" синоптиктері 20-22 тамызға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі және батысында қатты жаңбыр күтілмейді.
21 тамызда еліміздің оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады. 22 тамызда Қазақстан Республикасының шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +16+25, батыс пен оңтүстікте +22+35°C, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында 23+33°С болады деп күтілуде.