Спорт

Илья Ильин өзімен бірге допинг қабылдадық деген Алмас Өтешов жайлы сұрақтарға жауап берді (ВИДЕО)

Илья Ильин: Мен досымды ешқашан тастамаймын.

Белгілі зілтемірші Илья Ильин спорттағы жан жолдастарының бірі Алмас Өтешов жайлы елді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ол Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында досынан ешқашан сырт айналмағанын айтты, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

"Біз 14 жастан бері біргеміз. Бірге жаттықтық. Ол менің жүйеммен, менімен бірге, қатар жүрді, нәтижесі бойынша ізімнен ерді.. Ол меннен кішкене жасы үлкен. Өте өкінішті. Бір кезде ол қатты қиналды. Өз сұхбатында көптеген шындықты айтты.  Ішкі қиналыстағы жан айқайын жеткізді десек болады. Кей кездерде бәрімізге қатты қиын болады. Сондай қиындықтардың кезінде ол сынып кетті. Ішімдікке салынды.

Жатып емделеді, бір айдан кейін қайта бастап кетеді. Осы жолғы сұхбаттарында ешкім қарамай кеткендіктен осылай барша халыққа ішін ақтарды деп ойлаймын. Мен оған бардым " Алмас, бұл мен емес ,бұл халық көмегі" деп оны емделуге көндірдім. Ол бұрыннан ауырады. Ішімдікке салынып кететін кездер жиі болды.. Он жылдан бері ішімдікті тастаумен күресіп жүр.

Одан ешкім бас тартқан емес. Әсіресе қазақ тілінде айтқым келеді, халық түсіну үшін. Достар мені кінәламаңыздар. Сіздер де кінәлі емессіздер. Мен ешқашан досымды жолда қалдырмаймын. Қазір ем алып жатыр. Алдағы уақытта онымен кездесіп, видео жазу ойымда бар. Сол кезде өз ауызынан есітесіздер хәл-жағдайын. Ал сұхбатта айтқан даулы, елді елең еткізген кей мәлімдемелер жалған. жалпы 50 пайыз сөзі шындыққа жанаспайды деп айта аламын",-деді зілтемірші Илья Ильин.