Басты жаңалықтар

Тарихта тұңғыш рет: Хорватия құрамасы ӘЧ финалына өтті

Хорватия құрамасы финалда Франция командасымен ойнайды

Бұл жайлы РИА Новости жазады Хорватия футбол құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатының қосымша берілген уақытында Англия командасын ұтып, финалға шықты.  width= Мәскеудегі "Лужники" стадионындағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Ағылшындардан Киран Триппьердің 5-минуттағы голына хорваттар Иван Перишичтің қақпаға дөп соққан добымен жауап берді. Ал қосымша берілген уақыттың 109-минутында Марио Манджукич командасына жеңіс голын сыйлаған.  width= Финалда 15 шілде күні Хорватия құрамасы "Лужники" стадионында Франция командасымен әлем кубогына таласады. Бір күн бұрын Санкт-Петербургте Англия және Бельгия құрамалары 3-орын үшін ойнайды.  width= Хорватия құрамасы тарихта алғаш рет әлем біріншілігінің финалына шығып отыр.