Абай Бегейдің жаңа құдағиы келінін "өте жас, обал" деп сынағандарға жылап тұрып жауап берді (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 20 тамыз, 2024
- 57.5k
Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы тұрмысқа шығып, бүкіл халықты өзіне қаратқан еді. Көпшілік оған "тұрмыс құруға ерте" деп ақыл айтып, қыздың барған жұрты мен оны ұзатқан ата-анасын сынаған еді. Сымбат Абайқызының енесі көпшілік сынына нүкте қойғысы келсе керек. Жұрт алдына шығып, жағдайдың қалай болғанын түсіндіруге тырысты, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Аманшылық болса біздің келініміз оқуға түсті. Ұлым екеуі Алматыға кетеді жақында. Көпшілік "ерте" деп түрлі пікір айтуда. Менің айтарым Алматыда келінімнің қасында боламын. Алматыда үйіміз бар. Сол жерге жайғасады. Ботақанымды ертең өзім еркелетіп, өз баламнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл қуаныштың жасы. Толқып отырмын. Бірнеше күннен бері, той деп шапқылап жүрміз. Жиған тергенімді балаларымның тойына, болашағына шашатын адаммын",-деп көзіне жас алды.