Қоғам

«Рас айтам, менің балаларым»: Орманнан табылған отбасына қатысты тың дерек пайда болды

ДНҚ тестінің нәтижелері оның балалардың анасы екенін растады

Ағымдағы жылдың мамыр айында Павлодар облысында орманнан табылған шетелдік көпбалалы отбасына қатысты жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Анасы алты баланың да өзінікі екенін сотта дәлелдеді. Әйел ДНҚ тест тапсырып, барлығының ақшасын өзі төлеген.

«ДНҚ тестінің нәтижелері оның балалардың анасы екенін растады. Сот туу туралы заңды дерегін анықтау туралы талапты қанағаттандырды. Енді біз шешімнің заңды күшіне енуін күтеміз, содан кейін төрт балаға туу туралы куәлік жазып, отбасын Ресейге жібереміз, - деді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодардағы әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығында.

Қалалық әкімдік әйелдің балалардың анасы екенін растайтын зерттеуді төлеуге дайын болған. Алайда ол бас тартқан. Қазір ол балаларымен және азаматық некедегі күйеуімен үй жалдап тұрып жатыр. Жергілікті биліктің айтуынша, олар көмекке зәру емес.

Бұған дейін сот отбасының 36 жастағы әкесін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 25 АЕК көлемінде жазалап, айыппұлды 64 610 теңгеге дейін азайтқан. Ресей азаматы Қазақстаннан 2016 жылғы қыркүйекте кетуі керек болған, оның орнына Павлодарда шетелдік қызбен заңсыз тұрған. Ерлі-зайыптының алты баласы дүниеге келген: екеуі жергілікті перзентханада, қалғанын үйде босанған.