Қоғам

Қазақстанда енді ата-аналар баланы бір мектептен екіншісіне онлайн ауыстыра алады

Қызмет нәтижелерін “Жеке кабинеттен” көруге болады

Елімізде енді баланы бір мектептен екінші мектепке онлайн түрде ауыстыруға болады. Бұл eGov.kz порталының көмегімен жүзеге асады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Енді ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен екіншісіне онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және іріктеу процесі ата-ананың тіркелген жері бойынша микросайт үшін оңтайландырылған", – делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін мыналарды орындайды:

eGov.kz порталына кіріп, "Білім" бөліміне өтіңіз;

тізімнен "Орта білім" бөлімін таңдап, ары қарай "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" қызметіне өтіңіз;

қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;

Қызмет нәтижелерін “Жеке кабинеттен” көруге болады.