Спорт

«Біреуді зорлап не керегі бар?»: Қуат Хамитов боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты ойын айтты

Қуат Хамитов бапты қайта қарау керектігін ұсынды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпаратқа қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол taspanews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Бұл ақпарат жалған деп үміттенем. Жанқош секілді чемпионға біреуді зорлап не керегі бар? Оның артынан онсыз да миллиондаған қыз жүгіріп жүр. Бәлкім біреу ақша істегісі келді ме, нақты білмеймін. Соңғы уақытта осынау қылмыстық бап өте кең тарап кетті ғой. Бір жігіттің қызбен подъезде жай тұрған видеосын көрдім, соңында сол жігітті зорлады деген айыппен 8 жылға соттап жіберді. Тағы қаншама адамның осындай жалған айыппен қамалғанын білмеймін. Бірақ, аталған бапты қайта қарау керек», - деді Қуат Хамитов.

 Жанқош Тұраров осы жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда белбеуін қорғау үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған.