Қоғам

Қорғаныс министрі жас биші әйелі мен балаларын көрсетті (ФОТО)

Көпшілік 58 жастағы министрдің әйелінің өзінен әлдеқайда жас екеніне назар аударған

Желіде жарияланған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен фотосуретіндегі жас әйелі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia сайтына сілтеме жасап. 

Отбасылық суреттер  Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-парақшасында  жарияланған. Генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың жұбайы және 3 баласымен бірге әскери киіммен фотосессия жасағанын көруге болады. Фотостудия өкілдері фотосуреттер клиенттің рұқсатымен жарияланғанын айтады. Желі қолданушыларының көбі оларға қолдап пікір қалдырған.

Көпшілік 58 жастағы министрдің әйелінің өзінен әлдеқайда жас екеніне назар аударған.  Дереккөз Жақсылықовтың әйелі Ұлттық ұланда биші екені, есімі Эльмира екенін айтты. Әлеуметтік желіде парақшасы бар, бірақ достық ұсынысты қабылдай бермейді екен.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі министрдің отбасылық фотосессиясына қатысты ресми сауалға жауап бермеді. Бірі екіншісіне сілтеп, үнсіз қалды.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.

2022 жылғы мамырда журналистің неге қазақша жауап бермейсіз деген сауалына  министр  “Ұнамаса — көшіп кет”, “Қиын болса — өле сал” деп жауап бергені халыққа ұнамай қалды.

Сол айда оған генерал-полковник атағы берілді.