«Өмірлік жарыңыз сізді бақыттырақ етеді»: "Меломен" тобындағы Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі қыздарға ақыл айтты
Байға тию – бақытты болу деген сөз емес
“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі, блогер Нұрилла Ақберен қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Блогер қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті.
“Жүрек пен ми қалауын ажырата білсеңіз, қайбір істе, өмірлік маңызды шешімдерде, таңдауларда қателеспейтін боласыз. Байға тию – бақытты болу деген сөз емес. Тұрмысқа шығуға асықпаңыз дер едім. Қазір өзіңізбен өзіңіз бақытты бола алуды үйреніңіз. Ал өмірлік жарыңыз сізді бақыттырақ етеді. Өзіңізді сауатты тұрғыда жақсы көріңіз. Фокусты мақсатыңыз бен өзіңізге қоя біліңіз. Саяхаттаңыз. Айта берсем, кете береді”, – деп жазды блогер келіншек.