Басты жаңалықтар

Қазақстанда сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін: министр жауап берді

Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны көтеру керектігін айтқан

Мектептердегі сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін. Бұған қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Сынып жетекшілерінің үстемақысы – бұл қаржылық мәселе. Сондықтан талқылауда. Бұл тек министрліктің құзырында емес. Экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған мүдделі мемлекеттік органдардың араласуымен шешіледі. Біз өз тарапымыздан барлық есептеулерді болдық. Осы жолы болмауы мүмкін. Келесі жылы ықтимал», - дейді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны көтеру керектігін айтқан. Оның айтуынша, бүгінде аталмыш қызмет үшін 8 мың теңге төленетін болса,оны 30 мыңға дейін жеткізу керек.