Мәдениет

Қыз зорлады: Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

Айтуынша, телефонын алмайтын құрбыларына дейін түнімен хабарласқан

Қыз зорлады деп айыпталған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі  пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшының жары Клара Иса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр», — деп жазды Клара Иса.