Мәдениет

Иманбаева: Сәбиттің үйіне барып, қазіргі әйелі Диконға көмектесіп жүребердім

Айгүл Иманбаева: мен Сәбиттің анасын әлі күнге "мама" деймін.

Айгүл иманбаева тағдырында болған жайттарды баяндай отырып көпшілікті дүниені қабылдауына қайран қалдырды. Ол Сәбит Әбдіхалықпен ажырасқан кезді екіне алып көпшілікті қайран қалдырды. Құда мың жылдық деген осы болса керек. Жастар екі жаққа тарасқанымен құдалар ажырасу сәтінде бірін-бірі қой сойып күтіп, сыпайы қоштасқан екен. Бұл туралы Иманбаева "Мамский әңгіме" сұхбатында айтты деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

“Мен анамның тағдырын қайталаған адаммын. Ол кісі де ажырасып, балаларын жалғыз өсірді. Мен де ұлымды жалғыз тәрбиеледім. Сәбит екеуміздің дәм-тұзымыз жараспады. Өйткені екеуміз де ақыл тоқтатпаған жаста едік. Дәл қазіргідей саналы адамдар болмадық. Сол себепті екі жаққа кеттік. Соңғы кезде психология саласына барып, жаным мен тәнімді емдегелі көп дүниені өзгерттім.

10 жылдан бері жан дүниемнің жарасын емдеп келемін. Қазақта ажырастың ба, бітті, өмір бойы жауласып өту керек деген ұғым қалыптасқан. Мен бұрынғы күйеуімнің үйіне барып, келіншегі Диконның шайын ішіп жүре беремін. Айналам қатты таңғалады. Өткенде Сәбиттің туған күні болды. Ол да ұлының фильміне түсіп жатыр. Түсірілім алаңындағы 20-30 адамды үйіне алып барды. Келіншегі дастарханын жайып, күтіп отыр екен.

Сағат түнгі 12-ден ауып кеткен. Бара салып, аяқ табағына араласып, кесе-қасықтарын қойып кірісіп кеттім. Екеуміздің тағдырымыз солай болды. Ортада ұлымыз бар. Мен өкпелеп отырсам, ештеңе де өзгермейтін еді. Ол кісі балалы болса ұлымның бауырлары дүниеге келіп жатыр деп қуанамын. Біздің қарым-қатынасымыз шынайы.

Енемді әлі күнге дейін “Мама” деймін. Қазіргі жолдасым бұрынғы енесін “мама” дейді екен. Бір күні маған: “Сен ренжімейсің бе, мен “мама” деп атай берсем” деді. “Осы жерден келісіп алайық, мен де экс - енемді мама деймін” дедім. Сәбиттің ата-анасы өте жақсы кісілер. Біз айқай-шусыз ажырасқан адамдармыз.

Асылжан алты айлық кезінде ауылға барып, ата-енемнің алдынан өттім. Бір апта жандарында болып, ұзақ сырластық. Ажырасу шешімі менің қалауым екенін түсіндірдім. Оған ешкімнің қатысы жоқ екенін айттым. Сол бір аптаның ішінде үйдің іші-сыртын бәрін ақтап, ауланы тазалап, кілемдерді жудым. Атам шешемнің үйіне дейін әкеліп тастады. Шешем де құдам келді деп қой сойып, қонақ етті. Құдағидың сыбағасы деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, біздің ажырасуымыз осылай болған”, – деді өнер иесі.