Қоғам

Қызылордада секс-құлдықта болған 16 жастағы қызға Нүкенованың ағасы 17 миллион теңге жинап берді

Оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушы қызға еріктілер 17,9 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қоғам белсендісі, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Instagram парақшасында бөлісті.

Олар қыздың таксидегі ақшасы, қонақ үйдегі броны, билетінен басқа олар 100 мың теңгені «НеМолчи» қорына аударған. Қызын күнде ауруханаға апару үшін анасына тағы 100 мың теңге аударған және оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген. Тағы 100 мың теңгені азық-түлігіне аударған.

Айтуынша, жиналған 17 млн 984 мың 909 теңгенің 922 мың теңгесін жұмсаған.