Жанқош Тұраровты айыптаған әйел бұған дейін де зорланғаны туралы арыз жазған
Алматы облысының Полиция Департаменті бұл ақпаратты растады
Жанқош Тұраровты өзін зорлады деп айыптаған әйел бұған дейін де полицияға арыз жазған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты бірнеше телеграм арнасында жарияланған. Осы жылдың 4 шілдесінде Қонаев қаласының полициясына әйел Алматы және Өскемен тас жолында белгісіз біреулердің зорлағаны туралы арыз түсірген.
Алматы облысының Полиция Департаменті бұл ақпаратты растады.
"4 шілдеде Қонаев полициясына Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны "Алматы-Өскемен" тас жолында белгісіз біреудің зорлағанын айтып, хабарласты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицияға жеткізілді. Қызметкерлер барлық қажетті сараптамаларды тағайындады", – делінген хабарламада.