Қоғам

23 жастағы астаналық жігіт ескі қалыңдығының білезігін ұрлап, оны жаңа сүйіктісіне сыйлаған

200 мың теңге тұратын Pandora білезігінің ұрланғанын қыз бұрынғы жігітінің жаңа қалыңдығынан көргенде біледі

Астаналық 23 жастағы жігіт бұрын көңіл жарастырған қалыңдығының құны 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлап кеткен. Ол қыздың сеніміне кіріп, үйіне қонуға келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші білезігінің ұрланғанын бір аптадан кейін біледі. Бұрынғы жігітінің қазіргі көңіл қосып жүрген қалыңдығының Stories-інен білезігін көрген. Ол бірден полицияға шағым түсірген.

Күдікті кінәсін мойындады. Білезік иесіне қайтарылды.