Басты жаңалықтар

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы ұсталды

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауытының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады», - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.