Талапкерлерге қосымша 10 мың грант бөлінеді деген ақпаратты министрлік жоққа шығарды
Бұл жаңалық министрдің 6 тамыздағы сөзіне негізделген
Грант ала алмаған талапкерлерге қосымша 10 мың грант бөлінеді деген ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі жоққа шығарды6 деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш ақпаратқа қатысты ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдірді.
“Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бұл жаңалық министрдің 6 тамыздағы сөзіне негізделген. Яғни, ол кезде әкімдердің, жоғары оқу орындарының, жеке қорлардың гранттары арқылы грант иегерлерінің тізіміне енбеген талапкерлерге қосымша тегін білім алу мүмкіндігін беру туралы ақпарат айтылған", – делінген министрлік хабарламасында.
Бұл 10 мың гранттың 2,5 мыңнан астамы әкімдердің, тағы мыңнан астамы жоғары оқу орындарының атынан талапкерлерге берілген. Қалған гранттарды "Қазақстан халқына" қоры, сондай-ақ жеке компаниялар қарау үстінде.
Министрлік 25 тамыздан кейін босатылған гранттардың саны белгілі болатынын атап өтті. Бұл гранттар да талапкерлер арасында бөлінеді.