Спорт

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға үшінші рет көлік сыйлады

Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде белдесті

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді. Бұл туралы ол Instagram Stories-інде жариялаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған Әбиба Әбужақыноваға осымен үшінші көлікті сыйға берілді.

Бірінші болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.

Айта кетсек, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Ол қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, бесінші орын алған болатын.