Мәдениет

Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығын бөлісті

Әнші тұңғыш қызының жетістігін жария етті.

Әнші Алтынай Жорабаева тұңғыш қызы үмітін ақтап Қытайдағы ең мықты университетке грантпен түскенін айтты. Сөзінше үлкені тіл үйренуге өте икемді. Әрі бұған дейін Қазақстандағы оқуын қызыл дипломмен бітірген, деп жазды Kyn.kz  тілшісі. 

"Сүйінші! Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді.

Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: "Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой" депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын", - деп жазды өнер иесі.