Павлодарда екі ана өз нәрестесін емізіп отырып өлтіріп алды
Екі жағдайда да ана емізу кезінде ұйықтап, өз баласын тұншықтырып өлтірген.
Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды.
Қайғылы жағдай туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.
"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.
Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.
“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз болған. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда бөпесі шетінеп кеткенін бірақ білген", – дейді дәрігер.