Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатына бара жатқан қазақстандық блогер әкесімен және ағасымен бірге жол апатынан қаза болды.
Қайғылы оқиға жайлы ura.ru сайты жазады
6 шілде күні Челябі облысының Сим қаласына жақын маңда болған жол апатынан мерт болғандардың жеке бастары анықталды. Көлік апаты «Мәскеу-Челябі М5» федералды трассасының 1592-шақырымында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жана бастаған. Оқиға орнына Челябі облысы бойынша өртке қарсы федералды қызметінің 10-ыншы жасағының бөлімшесі аттандырылған. Лаулаған машина сөндірілгеннен кейін оның ішінен үш адамның мәйіті табылды. Бүгін анықталғандай, көлікте әлеуметтік жіледі Stence лақап атымен танымал қазақстандық блогер Сұңқар Килаж болған. Онымен бірге әкесі және туысқан ағасы қаза болды. Сұңқар олармен бірге Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатын тамашалауға бара жатқан.
Сұңқар Килаж Stence Show YouTube-каналында компьютерлік және онлайн-ойындарға видеошолуларды жариялап отырған. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде Stence page әзіл-сықақ паблигін жүргізген.
ВКонтакте әлеуметтік желісінде блогердің қазасына орай топ ашылған.
"Бұл қайғылы жайтқа сену қиын. Әлбетте, бәріміз Сұңқарды ақ жарқын, ақ көңіл адам ретінде білеміз, үнемі күлімсіреп, жадырап жүретін. Бойында қуаты тасып, рахаттанып өмір сүргісі келетін, ешқашан қол қусырып отырмайтын. Алайда 06.07.18 түнде болған қайғылы оқиғадан кейін оның биік мақсаттары енді орындалмайды. Сұңқар, әкесі және немере інісі мінген көлік белгісіз жағдайда жантүршігерлік жол апатына ұшырап, үш жолаушының да опат болды", — деп жазды қолданушылар "ВКонтакте" желісінде Сұңқарды еске алуға арналған топта.
Жерлеу рәсімі 9 шілде күні Петропавлда өтеді.