“Найзағай болып, жел тұрады”: 24-25 тамызға арналған ауа-райы болжамы
Еліміздің батысы мен солтүстігіндегі жекелеген аудандарда тұман басады
“Қазгидромет” 24-25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мәліметінше, найзағай болып, жел тұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытқа ауысып, жаңбыр жауатынын болжайды.
"Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігіндегі жекелеген аудандарда тұман басады. Ауа температурасы бойынша басқа күрт өзгерістер болмайды", – делінген синоптиктер хабарламасында.