Қоғам

Алматыда екі көлік жүргізушісі жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)

Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

Алматыда жол бойында екі жүргізуші жанжалдасып қалған. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан бір жүргізушінің екіншісінің жағасынан алып, ұрып жатқанын көруге болады. Қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Қалалық полиция департаментінің өкілдері Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімшесінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.