Қоғам

«Зорланған» әйел ыржалаңдап”: блогер Жанқош Тұраровқа қатысты тағылған айыпты кезекті қойылым атады

Түрі зорлық көріп, ұяттан өртеніп, моральдық азап шегіп отырған адамға ұқсамайды

Желі белсендісі Жанқош Тұраровқа қатысты істі  "спектакль" екенін айтып,  боксшының ісін саяси шешімдерді бүркемелеу үшін жасалған дегенге балады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірқатар блогерлер бізде елге белгілі адамдардың араласуымен мұндай оқиғалар жиі болып тұратынын алға тартуда.

"Күз келді ме, бәтір-ау, неге тоңдым", - деп Абай атамыз айтпақшы, қарасам көбі бір зорланған әйел туралы жазып кетіпті. Бір видео еріксіз назарымды аударды. Видеода әлгі  «зорланған» әйел ыржалаңдап, сұхбаттың жалғасын көргілерің келіп отыр ма, қазір? Түрі зорлық көріп, ұяттан өртеніп, моральдық азап шегіп отырған адамға ұқсамайды. Бұл - манипуляция. Шамамыз келгенше осындай пайдасыз тақырыптардан аулақ жүруге тырысайық,- деп жазды блогер  Қуаныш Еділхантегі facebook парақшасында.

Айта кетсек, Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты 26 тамыз күні журналистерге толық жауап бермек.