Сақал қойғандар айыппұл арқалай бастады
Бұған дейін тұмшаланған қыздар айыппұл арқалаған еді.
Өзбекстан полициясы сақал қойған ер адамдарды жауапқа тартып бастады. Қазірдің өзінде онға жуық ер адам айыппұл арқалаған. Бұған дейін жүзін жасырып, тұмшаланған әйелдерге елде рейд жүріп, айыппұлдар тағайындалған еді, деп жазды kyn.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстанның бірнеше аймағында арнайы рейд жүргізілуде. Айыппұл Қазақстан ақшасына шаққанда 130-195 мың теңге аралығында.
Ер адамдар қырынудан бас тартып, өздерінің жеке таңдаулары екенін айтып Ішкі істер министрлігінің талабына қарсы тұрар болса, полицияға бағынбады, бұзақылық жасады деген бап бойынша жауапқа тартылады.
Бұған дейін қырғыз халқы тым тұмшаланып оранғандар мен сақалдыларды жауапқа тартып бастаған еді.