Қоғам

Әнару Қонаевта өзін зорлаған бейтаныстың Жанқошқа қатысы бар деп күдіктенеді

Заңгер: Жанқош Әнару қайда барса да ізін аңдып, тыныштық бермеген.

Әнару Қалдыбекқызы бірнеше уақыт бұрын өзін Қонаев қаласында өзге ер адамның зорлап кеткеніне арыз түсірген. Бойжеткен ол оқиғаға Жанқош Тұраровтың қатысы бар деп болжайды. Өйткен оның себептерін де атап берген, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

"Шілде айында басқа ер адамның үстінен жазған арызы жайлы сұрадым. Түсінгенім-боксер еркексымақ қызды жайына қалдырмаған. Қайда барса да, ізін аңдыған. Ал шілде айында белгісіз еркек тарапынан орын алған зорлық әрекетті Жанқоштан күдіктенетінін айтты. Өйткені, ол адамды мүлде танымайды екен. Мейрамханадан шығып, таксиге мінбек боп, келе жатқанда болған. Анықтап сұрамадым. Бейтаныс адам зорлап кеткен. Жанқоштан не үшін күдіктендің деген сұрағыма, сол жерде болатынын одан басқа ешкім білмегенін айтты. “Сенің басыңдағы жағдайға қандай реакция болды?”-деп сұрадым.


Жауаптарынан қыздың боксшның үстінен не үшін арыз бергенін түсінгендей болдым. Өзі айтқандай, сүйген қызын біреу зорлап кетсе, ер-азаматтар қандай реакция білдіреді, айтыңыздаршы, жігіттер? Ал мына серісымақ басқа тақырыпқа аударып, тыңдағысы да келмеген. “Сенің тірлігің ғой” десе, басын алып қашқан. Қандай адам, қай уақытта, қай жерде деп те сұрамаған..


Содан бастап, Әнару ол жігіттің кім екенін анық түсінсе керек. Арыздардың жазылуына осы жағдай түрткі болған деп түсіндім..
Енді “не үшін қыз бала мейрамханада жүреді?”, андай, мындай, пәлен-түген деген топас түсініктеріңізді өз қыздарыңызға тықпалаңыздар. Қазір 21 - ғасыр! Құдайға шүкір, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.


Сосын ТВ дәл осы жерін үзіп тастаған. Одан өзге, бір журналист көршілерінен
жауап алыпты-мыс. Олар қыз туралы жақсы айтпапты-мыс. Журналистерге тергеу аяқталмай жатып, алдын-ала дайындалған адамдардан сұқбат алып, оны жариялауға кім құқық берген? Журналистік зерттеу деген барын білеміз. Алайда тергеудегі іс бойынша тергеу құпиясын сақтамағаны үшін жауапқа тартылатынын тілшілер білмей ме?",-деп жазды заңгер Ләззат  Ахатова.