Басты жаңалықтар

Қазақстанда тағы қай жолдар ақылы болатыны айтылды

Осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға бағытталады.

Көлік министрлігі тағы бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйені енгізеді.

"Ашық НҚА" порталында республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Олар:

Үшарал-Достық;

Тараз айналма жолы;

Қарағанды айналма жолы;

Бурылбайтал-Шу;

Қандыағаш-Мақат

"Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталады", - дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, қазіргі кезде бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйе жұмыс істейді. Ал көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеруді жоспарлап отыр.