«Бәріне қызық»: Нұргүл Мыңғатова көпшілікке ұлын не себепті көрсетпей жүргенін айтты
Актриса көп жылдан бері бала көтере алмаған
«Келінжан» сериалы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова не себепті баласын көпшілікке көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі.
"Түсірілім біте сала балама баруға тырысамын. Оны құшақтап, мыжып-мыжып, жанында ұйықтап қаламын. Келесі күні әңгімемді айтып, содан кейін ғана жұмысқа барамын. Қазір ұлым енді ғана үш жасқа келді, балабақшаға барып жүр. Өте қызық кезең екен. Бұйырса енді ғана есейіп, жігіт болып келе жатыр", – дейді актриса.
Актриса ұлын жақында жарық көретін бейнебаянда көрсететінін жеткізді.
"Ол мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғаннан кейін аялап жүрмін. Шынымды айтсам, балам бәріне қызық, көбінің көргісі келеді. Кішкене өсіп алсын деп жүргенде жасы үштен асып кетіпті. Қазір менімен сөйлесіп, өзіме ақыл үйрететін болды. Қазір оны видеоға түсіріп, контент түсіруге болады негізі. Бірақ басқа да ойым бар. Мүмкін бейнебаянда көрсетермін", – деді Нұргүл Мыңғатова.