Жанқош Тұраровтың адвокаты: Әнару полиция басқармасына масаң күйде келген
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 тамыз, 2024
- 3.2k
Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов бүгінгі пресс-конференцияда Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға бірнеше өтініш түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
«Арызданушы Әнару Құрманәліге байланысты интернет желісінде тарап жатқан бейнематериалдар бойынша полиция басқармасына тексеру жүргізу жөнінде өтініш білдірген едік. Арызданушы адамардың үстінен оның зорланғаны туралы арыз жазып, ақша алғаны жөнінде деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сауалдар жіберілді. Бұл деректер нақты дәлелдерін тапқан жағдайда ресми органдарға бізге жауап беріледі», – дейді ол.
Адвокаттың айтуынша, интернет желісінде таратылып жатқан бейнематериалдар мен бізге түсіп жатқан өзге де ақпараттар бойынша арызданушы Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровқа арыз беруге 2024 жылдың 19 тамызында түнде мөлшері сағат 22.00 шамасында Әуезов аудандық полиция басқармасына масаң түрде келген.
«Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, жартылай жалаңаштанып өзін беймарал мінез-құлқын көрсеткен. Бұл бойынша полицияға сұраныс жіберілген. Осы ақпараттарды тексеріп, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан бейнені алып, іске тіркеп, тексеру жүргізуге, оған құқықтық баға беріп, жаза беру жөнінде біз тергеушіге өтініш жібердік. Әнару Құрманәлінің өз қылықтарына жауап бермейтін теріс қылықтары интернет желісінде тарап жүр. Бұл деректер бойынша тексеру жүргізу туралы тағы да өтініш берілген. Деректер расталса, арызданушыға іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Бізге психотропты заттарды қолданады деген ақпарат түсіп жатыр», – дейді Мамұтов.