Арулар

"Әнарудың өзін 8 жылға соттаймыз”: Жанқош Тұраровтың адвокаты

Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың өкілдері баспасөз мәжілісін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.

 Бірақ журналистердің алдына боксшының өзі шыққан жоқ. Ал адвокаты адвокаты Самат Мамұтов Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға бірнеше өтініш түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды.

Оның айтуынша, Жаңқош Тұраров арызданушы Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген және БАҚ-та тараған ақпараттарды растамайды. Бәрі жалған. Ойдан шығарылған деп есептейді. Ақиқат орын алатынына үміт артады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арызданушының арызы жалған болып шықса, ауыр қылмыс жасалғаны жөнінде жалған сөз таратса, қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Бұл баптың жазасы 3-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру. Арызданушының Жаңқош Тұраровқа арыз жазу себептері – бүгінгі күні тексеруде анықталуда, - дейді Самат Мамұтов.