Спорт

Жанқош Тұраров: Төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес

Бүгін Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясын өткізді

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты жазба қалдырды. Жазуынша, қызбен ешқандай қарым-қатынас болмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Instagram сторисінде жазды. Ол бүгінгі баспасөз конференциясында сөйлеген адвокатының сөзінен үзінді жариялаған. 

«Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес», – деп жазды боксшы.

Айта кетсек, бүгін Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясын өткізді. Бірақ спортшының өзі жиынға қатыспады.