Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз”: Нұргүл Мыңғатова тұрмысқа шығатынын айтты

“Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз”: Нұргүл Мыңғатова тұрмысқа шығатынын айтты
Сурет: вилеодан скриншот
Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр

Актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, күйеужігіттің ауылдың баласы екенін жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жеке өмірінде болғалы жатқан жаңалығымен актриса тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұқбатында бөлісті.

"Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Негізі бұрыннан сондаймын. Жеке өмір ол - жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. Тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Ұзатылып жатсам ұят шығар. Сыңсу айтып жылап жатпаймын енді. Мен кетсем, керісінше бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады ғой", - деді актриса.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар