Қазгидромет: “Найзағай ойнап, жаңбыр жауады”
Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіліп, түнде және таңертең тұман түсіп, дауыл болады
"Қазгидромет" РМК 27 тамызда елімізде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Тек батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіліп, елдің солтүстігінде, шығысында – түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде – шаңды дауыл, Қызылорда облысында – дауыл болады.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.