Қоғам

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтің үстінен арыз жазды

Сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге белгіленді

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтің үстінен арыз жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтбек Амангелді экс-министрден материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады. Сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге белгіленді.

Айта кетсек, Салтанат Нүкенова 2023 жылы 9 қарашада күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында бұрынғы ұлттық экономика министрі өз әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын.