«40 күн толғанда ажырасып кеттік»: Динара Қырықбаева кіші қызының туған күнін тойлады
Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым
Әнші Динара Қырықбаева кенже қызының 5 жасқа толған туған күнін дүркіретіп тойлады. Күйеуімен ажырасқанда ол 40 күнге енді ғана толған сәбиімен қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші жұмыс істеп жүріп қызының 5 жасқа толғанын байқамай қалған.
“Айяға 40 күн толғанда ажырасып кеттік. Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым. Мен үнемі даму үшін жұмыс істеп жүріппін. Өскесін сен мені түсінетін боларсың. Бүгін 5 жасқа толып жатыр. Сені жақсы көремін, қызым”, – деп жазды әнші.
Айта кетсек, Динара Қырықбаева күйеуімен 5 жыл некеде болған. Үш баланың анасы. Олар 2019 жылы ажырасып кеткен.