“Ақтық демім қалғанша қорғаймын”: Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсетіп жатқанын айтты
“Әнару бұған дейін өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған», - деп жазды Жұлдыз Төлеу
Өзін боксшы Жанқош Тұраров «зорлады» деген Әнару Құрманәлінің әкесі Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиғаға қатысты журналист Жұлдыз Төлеу сазгер Қалдыбек Құрманәліге хабарласқан. Композитор қызына қолдау көрсетіп жатқанын айтыпты.
«Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің? Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін. Қызыма күнде хабарласып, қолдау көрсетіп отырмын», - деп жауап берген сазгер.
Қазіргі уақытта сазгер ауылдағы қара шаңырағына көшіп кеткен көрінеді. Жұлдыз Төлеудің жазуынша, Әнару өзіне қол жұмсамақшы болған.
«Ал Әнару бұған дейін өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған», - деп жазды Жұлдыз Төлеу.
Осыған дейін кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың тарапы өзіне тағылған айып бойынша баспасөз мәслихатын өткізгенін жазған едік.