Қоғам

«Көрер ем, қызын осындай біреу 7 жыл бойы ойыншық етсе»: Бибігүл Дәулетбекқызы Жанқош Тұраровтың әйелін сынға алды

Журналист Жанқош Тұраровтың әйелінің желіде күлгеніне ашуланған

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызын зорлады деп айыпталып жатқан боксшы Жанқош Тұраровтың әйелін сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ол қыз-келіншектерге танымал адамдардың өміріне қызықпауға шақырды.

”Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер ем қызын осындай біреу 7 жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!”, — деп журналист.