Қоғам

Ақтөбеде көлікте отырған 10 жасар қыз жанып кетті

Өрттің себебі анықталып жатыр

Ақтөбеде көлікте 10 жасар бала жанып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 27 тамыз күні Хромтау ауданының Дон кентінде орын алған.

Облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша «Ваз» автокөлігі себепсіз өртеніп кеткен. Көліктің ішінде 10 жасар қыз бала отырған. Ата-анасы бұл уақытта үйде болған.

«Өрттің себебі анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.