Мәдениет

«Келіндеріңіз»: Садраддин жаңалығымен бөлісті

Садраддиннің кезекті бейнебаяны да тыңдарманының көңілінен шықты

Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Садраддин жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады. 

"Келіндеріңіз. "Ақ көйлек" бейнебаяны. Жаңа әнім шықты, тыңдарман! 19.00-да YouTube қосулы болсын. Әннің мағынасын кім түсінді?" - деп жазды Садраддин. 

Өнер иесі бейнебаянына жақсы пікір жазған тыңдарманына Алматы стадионында өтетін концертіне тегін билет сыйлайтынын айтып, әлеуметтік желіде конкурс өткізіп жатыр.