Мәдениет

«Келін тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн»: Айгүл Иманбаева енелерге ақыл берді

Әнші әр анаға немерелі болуды тіледі

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаева кейбір енелерді сынап тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әнші немерелі болғанымен, күнде оның қасында отырмайтынын айтты.

“Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", – деді өнер иесі. 

Сонымен бірге Айгүл Иманбаева енелерге өз ақылын айтты. Ол енелерге келіндерді тәрбиелемеуге шақырды.

“Ең бақытты сәт осы емес пе?! Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек", – деді еңбек сіңірген әртісі.