Саясат

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қашан сот үкімі шығатыны белгілі болды

Жарыссөз кезінде прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот жарыссөзі аяқталды. Үкім 29 тамыз күні жарияланатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үш күнге созылған жарыссөзге айыпталушы қатыса алмады. Тараптар мен ескертулерді тыңдаған судья Мартпек Кәкімжанов жарыссөздің аяқталғанын жариялады. Енді Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевқа қатысты үкім ертең сағат 16:00-де жарияланады.

Айта кетсек, бұған дейін жәбірленушілердің азаматтық талап арызы қаралды. Абай Жүнісовтің өкілі өзінің қамқорлығындағы адамға жалпы сомасы 2 млрд 662 млн теңге материалдық шығын, сондай-ақ 8 млрд теңге моральдық шығын келтірілгенін хабарлады.

Тараптар арасындағы жарыссөз кезінде прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.