«Жарнамасын жасатып алған соң миллион деп шығады»: Роза Әлқожа балаларын ақылы мектепке бергеніне өкініп қалды
Әнші балаларының сабағы нашарлап кеткенін жазды
Белгілі әнші Роза Әлқожа ақылы мектептерді сынап, баласының сабағы нашарлап кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, ақылы мектептер жарнама жасатып алған соң бағасын өзгертіп тастайды.
"Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып ек, “арзанның сорпасы татымайды” боп қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой! Қой, деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой ия бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын!", - деді әнші Роза Әлқожа.