Қоғам

Францияда тұтқындалған Павел Дуров қамаудан босатылды

Желіде Дуровты сотқа апара жатқан сәтінен видео пайда болды

Францияда тұтқындалған Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қамаудан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алайда француз басылымы BFMTV-ның мәліметінше, Дуровтың бұл толықтай ақталғанын білдірмейді.

“Тергеу судьясы бірінші рет жауап алу және ықтимал айыптау мақсатында Павел Дуровты қамауда ұстауды тоқтатты”, – делінген хабарламада. 

Желіде Дуровты сотқа апара жатқан сәтінен видео пайда болды.

Осыған дейін Франция прокуратурасы Дуровтың ағасы Николай Дуровқа іздеу жариялаған болатын.

Politico басылымының мәліметінше, Николай Дуров мессенджердің негізін қалаушылардың бірі болғандықтан іздеу жарияланған. Telegram желісіне балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ полициямен ынтымақтастықтан бас тартты деген айып тағылған.