Қоғам

Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды

Telegram негізін қалаушы уақытша кепілге босатылды.

Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды. Сот осындай шешім шығарды.

Оған алты құқықбұзушылық, соның ішінде заңсыз транзакциялар жасау мақсатында онлайн-платформаны басқарғаны үшін айып тағылды.

Дуров 5 миллион еуроға (5,5 миллион долларға) кепілге босатылды. Сондай-ақ ол аптасына екі рет полицияға келіп белгіленіп отыруы керек.

Telegram негізін қалаушы заңсыз транзакциялар жасайтын онлайн-платформаны басқарғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.