СҚО-да 17 жастағы ұлын, артынша ерлі зайыптыны бауыздап өлтіргендердің мақсаты сотта әшкере болды
- автор kyn.kz
- 29 тамыз, 2024
- 1.2k
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасуда.
Бұл отбасының іскерлік жерлеу агенттігі болған. Белгісіз адамдар марқұм П.-ның үйіне басып кіріп, оны бауыздаған. Ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдап, олардың үйіне келеді. Сөйтіп, жантүршігерлік қылмыс жайлы полицияға хабарлайды. Отбасының жалғыз мүшесі – қызы ғана тірі қалған, өйткені, қылмыс болған уақытта ол Ресейге туыстарының үйіне кеткен.
Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Олар – жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметтерін көрсететін 37 жастағы Е. және оның қызметкері – 25 жастағы О., үшінші күдікті – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге түрткі болды деп айыпталған 42 жастағы С. (Жерлеу қызметін көрсететін Петропавл ЖШС-де директордың орынбасары).
Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған.
Белгілі болғаны, бауыздалған ерлі-зайыптылардың иелігіндегі ұйым конкурстық тендерлердің басым бөлігінде жеңген. Яғни, мәйіттерді Петропавлдың медициналық мекемелерінен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге арналған конкурста таңдалған.
Ал, күдікті С. жұмыс істеген ЖШС-те кіріс азайған. Сотталушылар С. мен Е. арасын романтикалық қатынас байланыстырған. Олар бірге тұрған.
2023 жылдың 27 желтоқсанында Е. және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.
Ас үй пышағымен олар ерлі-зайыпты мен олардың ұлын мойын аймағынан бауыздаған.
Психологтардың пікірінше, үш күдікті – Е., О. және С. да ақыл-есі дұрыс. Яғни, бұл қылмысты жоспарлап жасаған.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024