Мәдениет

Қыран Талапбек Әзербайжан президентімен танысты (ВИДЕО)

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке танысу біз үшін үлкен мәртебе

Белгілі мобилограф Қыран Талапбек пен оның жұбайы Гүлзада Тұрлаш Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевпен танысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оларды әзербайжандық миллиардер Эмин Агаларов таныстырған. Қыран Талапбек қазіргі кезде Эмин Агаларовтың жеке контенті үшін командасымен жұмыс істеп жатыр.

«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке танысу біз үшін үлкен мәртебе. Осы мүмкіндікті сыйлаған Эмин Агаларовқа алғысымыз шексіз», - деп жазды Қыран Талапбек.

Айта кетсек, танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек «Құрмет» орденімен марапатталған еді.