Мәдениет

Астанада Есен Елеукен мен белгілі блогер төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Екеуінің төбелесі көрермендер мен турнир қатысушылары арасында айтарлықтай резонанс тудырды

Тележүргізуші Есен Елеукен белгілі блогерді балағаттаған. Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Астана қаласында болған. Есен Елеукен мен блогердің төбелесіне не себеп болғаны белгісіз. 

“Астанада өтіп жатқан «МедиаЛига» матчынан кейін «SD Family» және «Жайдарман» командалары арасында жанжал болды. Жастар арасында «Упучук» атымен танымал Әділет пен «Жайдарманның» негізін қалаушы Есен Елеукен сөзге келіп қалған. Екеуінің төбелесі көрермендер мен турнир қатысушылары арасында айтарлықтай резонанс тудырды. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Немесе финалға қызығушылық тудыру үшін әдейі ұйымдастырылған хайп болуы да мүмкін”, — деп жазады aktobe_live.

TikTok желесінде де видео тараған. Ол жерде Есен Елеукеннің балағат сөз айтып жатқанын көруге болады. Алайда Нұрболат есімді желі қолданушысы видеоны өшіріп үлгерген.